Маңғыстау энергетикалық колледжі – облыстағы  энергетика салалары үшін мамандар  дайындайтын бірден-бір оқу орны 

     1972 жылы 17 қараша күні  (Қазақ КСР–ы кәсіптік – техникалық білім Министрілігінің № 1076 – р бұйрығы)  Каспий аймақтық кен – металлургиялық комбинаттың (қазіргі «Каскор» акционерлік компаниясы) негізінде құрылып, «№ 194  Қалалық кәсіби – техникалық училищесі» деп аталып келді. 

     1973 жылы  29  мамыр күні (Маңғышлақ облыстық кәсіби – техникалық білім басқармасының № 317 бұйрығы) ГПТУ – 194 (ҚКТУ – 194) аты Маңғышлақ облысы Шевченко қаласының №194 орта кәсіби – техникалық училищесі деп өзгертілді. 

    Маңғыстау облыстық әкімшілігі басшысының 1995 жылы 9 наурыздағы № 247 шешімі және Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының 1995 жылы 7 сәуірдегі №95 – ОД бұйрығы бойынша СПТУ – 4 аты №4 жоғарғы кәсіби училищесі деп өзгертілді. 

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 21 сәуірдегі  №602 Қаулысы бойынша №4 Жоғары кәсіби училищесінің аты Мемлекеттік коммуналдық «Маңғыстау энергетикалық колледжі»  кәсіпорны деп өзгертілді. 

    2002 жылы 8 шілде күні (тірк. №3010-1943-ГП) МК «Маңғыстау энергетикалық колледжі»  кәсіпорнының атауы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық “Маңғыстау энергетикалық колледжі”  деп өзгертілді. 

     Мемлекеттік коммуналдық қазыналық “Маңғыстау энергетикалық колледжі” кәсіпорнының   өкіл органы мен басқару мекемесі Маңғыстау облыстық білім басқармасы болып табылады. 

      Білім беру қызметі 2009 жылғы 29 сәуірде берілген № 0032356 мемлекеттік лицензиясы бойынша атқарылады және  мемлекеттік лицензия колледжге шектеусіз мерзім бойына берілген.