1 – бағыт
 Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

     Мақсаты: Жас ұрпақтың патриоттық,  құқықтық санасын қалыптастыру. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеру; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
     Студенттерге берер тәрбиелілігі: студенттердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

2- бағыт  
Рухани – адамгершілік тәрбие.

    Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
   Студенттерге берер тәрбиелілігі: Окушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

3 – бағыт
Ұлттық тәрбие

      Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
    Студенттерге берер тәрбиелілігі: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу.

​4 – бағыт
Отбасы тәрбиесі

    Мақсаты: Ата – аналардың бала тәрбиесінде психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Болашақ отау иесі мен отанасын дайындау, ұлттық қағидаттарды бойларына сіңіру. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тәрбиелеу. Бала тәрбиесін отбасынан бастау құндылығын басты назарда ұстау.
    Студенттерге берер тәрбиелілігі: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын білуге тәрбиелеу.

5- бағыт
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

    Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым – қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
   Студенттерге берер тәрбиелілігі: тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін – өзі анықтауына саналы қарым – қатынасына қалыптастыруға тәрбиелеу.

6- бағыт
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

   Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.

    Студенттерге берер тәрбиелілігі: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылыққа  тәрбиелеу.

7 – бағыт
Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

    Мақсаты: Тұлғаның жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау,  меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көп мәдениетті орта құру.
    Студенттерге берер тәрбиелілігі:  Жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Студенттерді эстетикалық сезімге, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

8 – бағыт
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

   Мақсаты: Салауатты өмір салты. Дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
   Студенттерге берер тәрбиелілігі: студенттердің  бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.