Тәрбие жұмысының мақсаты: Үздіксіз білім беру жүйесінде студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін – өзі танытуларына негіз қалау, кәсіби интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетулеріне оңтайлы жағдай жасау, кәсіби білімді де білікті тұлға қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тәрбие тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы» 22.04.2015 жылғы № 227 бұйрығына сәйкес 2015–2020 жылдарға арналған Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу;
2. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриотты тәрбиелеу;
3.Балалар мен жастардың құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық – зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру;
4. Тәрбиесі қиын студенттерге психологиялық тұрғыдан көмек көрсету, тәрбиелеу. Әлеуметтік толықтай қамтылмаған отбасыларды жете анықтап, колледж әкімшілігімен, ата – аналар комитетімен бірлесе жұмыс жүргізу;
5. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда топ жетекшілерімен жүргізілетін жұмыстарды күшейту; Топ жетекшілерінің жеке студентпен, тәрбие деңгейі төмен студентпен жүргізілетін жұмыстарын ерекше бақылауға алу;
6. Студенттердің білім – тәрбие сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру;
7. Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сабақтан тыс үйірмелер, спорттық секциялар жұмысын жандандыру.