РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ

23.06.2016ж №01.1-09/2638 бұйрығы негізінде Маңғыстау облысының Білім басқармасына ресурстық орталық ашу тапсырылды.

«Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау» жобасы шеңберінде Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының тапсырмаларын орындау мақсатында Маңғыстау энергетикалық колледжі директоры Б.Т. Ибраевтың 24.06.2016ж. №46 бұйрығымен кешкі ауысым оқуы (ВСО) Ресурстық орталыққа ауыстырылды.

Ресурстық орталықтың мақсаты:

— техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру;

— аймақтық еңбек нарығының сұранысына және қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік білім беру жүйесі ресурстарының тиімділігін арттыру;

— оқыту сапасын арттыру;

— жаңа педагогикалық технологияларды апробациялауға бағытталған білім беру бағдарламалары мен бағдарламаларын әзірлеу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу;

— оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту;

Ресурстық орталық мақсаттарын шешу үшін келесі функцияларды орындайды:

— серіктестік оқытуды ұйымдастыру;

— материалдық-техникалық базаны жаңарту;

— кәсіби білім беруді ұйымдастыру және т.б.

Ресурс орталықтың міндеттерінің бірі мұнай-газ, химия, энергетика және машина жасау салаларында жұмысшы мамандықтарын алу үшін түрлі білім беру және кәсіптік бағдарламалар бойынша оқытуды ұйымдастыру болып табылады.

Ресурс орталығының қызмет көрсетуі келесі құжаттарға негізделген.

Олар:

  • Ресурс орталығының ережесі. Бұл құжатта мақсаттары мен міндеттері анықталған.
  • Ресурс орталығының даму жоспары 2016-2018 жылдарға жасақталған. Бұл жоспарда техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламарының жүзеге асырылуы, оқу жоспары мен бағдарламалар жасақталуы, білім деңгейі бойынша жұмысшы кадрларының біліктілігін арттыру, кәсіптік дайындау және қайта даярлауы, Ресур орталығының материалдық техникалық базасын нығайту, мекемелермен және әлеуметтік серіктестермен келісім шартқа отыруы және т.б. сұрақтары қарастырылған.

Ресурс орталығының мақсатының бірі әр түрлі кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша энергетикалық, химиялық, мұнай-газ және басқа техникалық салалар бойынша жұмысшы мамандықтарын дайындау болып табылады.

 

МЭК ресурстық орталығының материалдық базасы:

Ресурстық орталыққа: 2 теориялық оқыту сыныбы және зеттханалық жұмыстарға орналған 4 кабинет, 2 механикалық цех.

Ресурс орталығының білім беру курсы бірнеше кезеңге бөлінеді:

І кезеңде курсанттар керекті тақырыпқа сай теориялық білім алады.

ІІ кезеңде теориялық білім алғаннан кейін курсанттар лабораторияда практикалық тапсырмаларды орындайды. Практикалық жаттығулар диагностикалық жабдықтар мен электрондық электр жүйесін диагностикалау әдістерін зерттеуге арналған.

ІІІ кезеңде лабораториялық жұмыстарды электрондық жүйелерде өткізеді. Бұл кезеңде олар электрлік және электрондық жүйелерін диагностикалау құралдарымен жұмыс істейді.

ІV кезеңде теориялық және практикалық жұмыстарын қорытындылай келе курсанттар өз бетінше жұмыс жасайды.