Колледж туралы

Оқу орнының атауы:  «Маңғыстау энергетикалық колледжі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Құрылған жылы: 1972 жыл
Меншік түрі:  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны
Басшының м.а. тегі, аты, әкесінің аты  – Караубаева Акшолпан Закарьяновна

Мекенжайы, телефон: Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы, 3Б шағын ауданы, 17 ғимарат. тел: 50-22-00

Оқу орнының мәртебесінің өзгеру және қайта құру кезеңдері:

  • 1972 жылы – Қазақ КСР кәсіптік–техникалық білім Министрілігінің бұйрығы бойынша «№194 қалалық кәсіптік–техникалық училище» болып құрылды.
  • 1973 жылы – Маңғышлақ облыстық кәсіптік–техникалық білім басқармасының бұйрығы бойынша «№194 орта кәсіптік-техникалық училищесі» деп өзгертілді
  • 1984 жылы – Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының бұйрығы бойынша «№4 орта кәсіптік-техникалық училище» деп өзгертілді.
  • 1995 жылы – Маңғыстау облыстық әкімшілігі басшысының шешімі мен Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының бұйрығы бойынша «№4 жоғарғы кәсіптік училище» деп өзгертілді.
  • 1997 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша №4 жоғары кәсіптік училищенің аты «Маңғыстау энергетикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын деп өзгертілді.
  • 2002 жылы – Маңғыстау облыстық әкімшілігі басшысының шешімі бойынша «Маңғыстау энергетикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын деп өзгертілді.

Колледждің материалдық-техникалық базасы:

  • қазіргі заманғы техникалық оқу құралдарымен, оқу-әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен жабдықталған 26 оқу кабинеттері: соның ішінде 2 – лингафондық кабинет және 3 – компьютер кабинеттері бар. Барлық кабинеттер интернет жүйесіне қосылған;
  • қазақ, орыс тілдерінде 44 000 данадан астам педагогикалық, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттен тұратын қоры, оқу залы бар кітапхана;
  • шеберхана;
  • акт залы;
  • киім ауыстыратын бөлмелері бар спорт зал;
  • 25 орындық буфет;
  • медициналық кабинет.

 

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

Маңғыстау энергетикалық колледжі 1972 жылы 17 қарашада   (Қазақ КСРы кәсіптік–техникалық білім Министрілігінің №1076–р бұйрығы) Каспий аймақтық кен–металлургиялық комбинаттың (қазіргі «Каскор» акционерлік компаниясы) базасында құрылып, «№194  қалалық кәсіптік–техникалық училище» деп аталды.

1973 жылы 29 мамырда (Маңғышлақ облыстық кәсіптік–техникалық білім басқармасының №317 бұйрығы) ҚКТУ №194 аты Маңғышлақ облысы Шевченко қаласының №194 орта кәсіптік-техникалық училищесі деп өзгертілді.

Маңғыстау облыстық әкімшілігі басшысының 1995 жылы 9 наурыздағы №247 шешімі және Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының 1995 жылы 7 сәуірдегі №95–ОД бұйрығы бойынша ОКТУ–4 аты №4 жоғарғы кәсіптік училище деп өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 21 сәуірдегі №602 Қаулысы бойынша №4 жоғары кәсіптік училищенің аты «Маңғыстау энергетикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын деп өзгертілді.

2002 жылы 8 шілдеде (тірк. №3010-1943-ГП) «Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКК атауы «Маңғыстау энергетикалық колледжі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын деп өзгертілді.

 «Маңғыстау энергетикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның меншік иесі Маңғыстау облысының Әкімдігі болып табылады.

«Маңғыстау энергетикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның уәкілетті органы Маңғыстау облысының білім Басқармасы болып табылады.

Білім беру қызметі 2009 жылғы 29 сәуірде берілген № 0032356 мемлекеттік лицензиясы бойынша атқарылады және  мемлекеттік лицензия колледжге шектеусіз мерзімге берілген.

Меншікті оқу материалдық-техникалық базасының бар екендігін растайтын құжат 2003 жылы 16 сәуірдегі №644 бұйрығы бойынша, тіркелу нөмірі №12693,  жерді тұрақты пайдалану құқығына берілген мемлекеттік акті. Жер учаскесінің ауданы 3,1082 га.

 

Оқу корпусының жалпы ауданы — 6179,4 ш.м.

Соның ішінде:

оқу алаңы – 3030,8 ш.м.,

еншілес – 3148,6 ш.м.