КАДРЛЫҚ САЯСАТ

Мемлекеттік кәсіорындырдың кадрлық саясатында меритократия қағидаларын бекітуге бағытталған негіздемелік келісімдер жасау бойынша
әдістемелік ұстанымдар

 

Осы Мемлекттік кәсіпорындардың кадрлық саясатында меритократия қағидаларын бекітуге бағытталған негіздемелік келісімдер жасау бойынша әдістемелік ұстанымдар (бұдан әрі — әдістемелік ұстанымдар) Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №955 «Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына (32.3 т.) сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялардың және бюджеттік ұйымдардың кадрлық саясатына  меритократия қағидаларын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына
(6, 7-т.) сәйкес әзірленді.

 

  • Жалпы ережелер

 

  1. Әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік органдарға оладың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындарымен негіздемелік келісімдер (бұдан әрі — негіздемелік келісімдер) жасасу кезінде пайдалану үшін әзірленді.
  2. Негіздемелік келісімдер жасасудың мақсаты – мемлекеттік кәсіпорындарда мемлекеттік кадрлық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
  3. Негіздемелік келісімдердің міндеті бос лауазымдарға орналасуға кандидаттардың теңдей іріктелуін, сондай-ақ персоналды мансаптық ілгерілету және материалдық ынталандыру кезінде меритократияны қамтамасыз ету болып табылады.

 

  • Негіздемелік келісімдердің мазмұны

 

  1. Негіздемелік келісімдер мемлекеттік кәсіпорындардың меритократия қағидаттарын ұстануын белгілейді.
  2. Негіздемелік келісімдерде кадрларды іріктеу және ілгерілету кезінде сыбайлас жемқорлық пен непотизмді болдырмау тұрғысынан тікелей іс-әрекеттер қамтылуы тиіс:

5.1. Конкурс туралы хабарландыру

Мемлекеттік кәсіпорында бос лауазым болған жағдайда, тиісті мемлекеттік кәсіпорын құжаттарды қабылдау аяқталатын уақытынан кемінде  екі апта бұрын интернет-ресурстарда, оның ішінде рекрутингтік порталдарда конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

  • бос лауазымның атауы;
  • орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы;
  • құжаттарды қабылдау аяқталатын кезі және уақыты;
  • тиісті сала үшін айқындалған үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
  • конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі.

 

5.2. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар мемлекеттік кәсіпорын басшысының атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қоса береді.

Мемлекеттік кәсіпорында жұмыс жасайтын қызметкерлер де конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

5.3. Конкурс өткізу

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

  • мемлекеттік кәсіпорынның бос лауазымына орналасуға кандидаттардың өтінімдерін қарау;
  • кандидаттармен әңгімелесу өткізу (оның ішінде көп кезеңді эссе жаза отырып, кейстерді шешу және т.с.с.);
  • конкурстың қорытындысын шығару.

5.4. Конкурстың нәтижелеріне шағымдану

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты конкурс құжаттарымен таныса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.

  1. Негіздемелік келісімдер меритократия кағидаттарына сәйкес қызметкерлерді материалдық көтермелеуді болжайды.

 

  • Негіздемелік келісімдерді жасасу рәсімі

 

  1. Негіздемелік келісімдер мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында жасалады.
  2. Осы келісімдер негіздемелік келісімдердің қатысушы тараптарының интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.

 

  • Негіздемелік келісімдерді орындау

 

  1. Негіздемелік келісімдер орындау үшін міндетті болып табылады.
  2. Мемлекеттік кәсіпорындар осы келісімдерді іске асыруда тиісті ішкі актілерді қабылдайды.
  3. Мемлекеттік келісімдердің орындалуын бақылау тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.

Жаңалықтар бетіне өту