Оқу — өндірістік тәжірибе

    Өндірістік тәжірибе Маңғыстау энергетикалық колледжінің білікті мамандарды дайындауда оқу процесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және оны білім алушылардың өтуі (орындауы) міндетті.

Тәжірибе кезінде білім алушылардың теориялық білімдері бекітіледі және нақтыланады, таңдаған мамандығының біліктілігін және дағдыларын игереді.

        Тәжірибенің мақсаты — білім алушылардың теориялық оқыту процесі кезінде алған білімін тереңдету және оны бекіту, мамандық бойынша практикалық жұмысқа қажетті біліктілік, дағды және тәжірибені жинақтау, болашақ еңбек қызметіне түлекті дайындау, кәсіптік бейімделу кезеңін қысқарту, өзіндік зерттеу жұмысын дамыту.

        Тәжірибенің міндеттері  – түрлі жеке формадағы  кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдылары қалыптастыру, дипломдық жобаны орындауға қажетті ақпараттарды жинау.

Кәсіптік тәжірибенің ұзақтығы және тәжірибеден өту күнтізбелік кестесі мамандықтың оқу жоспарымен анықталады, жұмыс беруші ұйымдармен әлеуметтік серіктестіктер туралы келісім шарт негізінде, білім алушылардың кәсіптік тәжірибеден өтер алдында 1 ай бұрын жасалынады.

Кәсіптік тәжірибенің ұйымдастырушысы және қатысушысы болып білім алушы, колледж атынан тәжірибе жетекшісі және қабылдаушы кәсіпорынның тәжірибе жетекшісі болып табылады.

Тәжірибенің жалпы жетекшілігі колледж директорының оқу–тәжірибелік жұмысының орынбасарымен жүргізіледі.

Тәжірибе түрлері:

Студенттің өндірістік (кәсіби) тәжірибесі тәжірибенің 3 түрін қамтиды:

  1. оқу тәжірибесі
  2. технологиялық тәжірибе (мамандық бойынша)
  3. дипломалды тәжірибе