Оқу — әдістемелік жұмыс

ОӘК әдістемелік тақырыбы: 

«Білім сапасын көтеру факторы — модульдік оқыту»

 

Оқу-әдістемелік кабинеті оқытушылардың шығармашылық жұмысына, өз бетімен білім алуға және педагогикалық шеберлікті жетілдіруге, сонымен қатар колледжде жинақталған әдістемелік жұмыс тәжірибесін талдау мен жинақтауға арналған. Оқу-әдістемелік кабинетінің негізгі бағыттары:

— Ұйымдастырушылық-педагогикалық қызмет (педагогикалық ұжыммен және әр педагогпен жеке жұмыс жасау);

— Оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету (педагогикалық технологияларды зерттеу және қолдану, педагогикалық шеберлік деңгейін көтеру, педагогтардың ғылыми-зерттеушілік қызметі және т.с.с.)

— Диагностикалық-аналитикалық қызмет (педагогтардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы қиындықтар деңгейін анықтау, әдістемелік қызмет пен жеке әдістемелік жұмыс тиімділігін талдау).

Колледждің оқу-әдістемелік кабинеті оқытушыларға ашық сабақтарды дайындауға, әдістемелік тақырыптар бойынша жұмысқа, баяндамалар мен сөздерді дайындауда, конкурстар мен байқауларға дайындалуға жүйелі түрде жеке кеңес берушілік көмек көрсетеді.