Жас мамандар мектебі

 «Жас маман» мектебінің жұмыс жоспары

2018-2019 оқу жылы 

Мақсаты: қазіргі заманғы колледж жағдайында жас мамандарды сәтті бейімдеуге арналған ұйымдастыру-әдістемелік шарттарды жасау.

Міндеттер:

— коллективте жас оқытушыға бейімделуге көмектесу;
— оның кәсіби деңгейін анықтау;
— педагогикалық тәжірибеде қиындықтарды анықтау;
— жас оқытушының шығармашылық даралығын қалыптастыру;
— жас мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамытуға жағдай жасау, соның ішінде әртүрлі құралдарды пайдалану, білім беру мен тәрбиелеу нысандары, оқушылармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас психологиясы;
— жас оқытушылардың кәсіби өзін-өзі жетілдіруге және өздері жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін дамыту

 

Ұран: «Оқытушылардың білімі мен дағдысы — шығармашылықтың кепілі және білім алушылардың жетістігі» 

Жұмыс мазмұны мерзімі

жауапты

1

Жас мамандармен жұмыс істеу үшін құжаттаманы дайындау (тапсырыс, сауалнама, жас мамандармен жұмыс жоспары, тәлімгердің жұмыс жоспары). Тәлімгерлік хаттамаларын бекіту. Жас мамандарды колледждің дәстүрлері, ішкі нормативтік-құқықтық актілерімен, колледждің уставымен таныстыру.

қыркүйек

ОӘЖ бойынша директор орынбасары, ПЦК төрағалары

2

Оқытушының нормативтік құжаттары. «Менің кәсіби дағдыларымды жетілдірудің формаларын таңдаудағы менің артықшылықтарым» микро-зерттеуі. Өзін-өзі тану бойынша әдістемелік тақырыпты таңдау.

қыркүйек

ОӘЖ бойынша директор орынбасары,
әдіскер

3 Оқу- жоспарлау құжаттамасын жобалау ережелері (оқыту әдістемесінің мазмұнын таңдау, студенттердің қызметін ұйымдастыру түрлері). Заманауи сабақтың әдістемелік талаптары. Сабақтың түрлері мен формалары. Сабақтың ұйымдастырылу нысандарына оқыту әдістерінің сәйкестігі. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болу.

қазан

ОӘЖ бойынша директор орынбасары,
әдіскер

4 Семинар-тренинг «Дидактикалық сабақтың негізі». Мастер-кластар: Инновациялық технологияларды қолдану арқылы қазіргі заманғы сабақтарды ұйымдастыру және өткізу

қараша

Жалпы білім беру ПЦК төрағалары

5 Дөңгелек үстел «Мұғалімнің басқару дағдылары және оларды одан әрі дамыту жолдары». 

қараша

ОӘЖ бойынша директор орынбасары әдіскер,
психолог

6 Оқытушылардың жеке қасиеттерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жоспарлау.

желтоқсан

ТЖ бойынша директор орынбасары,
психолог

7 Мастер-кластар: «Оқу үрдісінде қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолдану». Әр түрлі деңгейдегі студенттердің жеке сабақтарын ұйымдастыру.

желтоқсан

тәлімгерлер

8 Ата-аналармен мұғалімнің жұмыс мазмұны, формалары және әдістері 

қантар

ТЖ бойынша директор орынбасары,
психолог

9 Дарынды және үлгерімі төмен оқитын студенттермен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру (олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысу)

қантар

ОӘЖ бойынша директор орынбасары, психолог

10 Сабақтағы пәннің мәселелері. Педагогикалық жағдайдың шешімі. Талқылау «Сабақта қиын жағдай және оның шығу жолы».

ақпан

ОӘЖ бойынша директор орынбасары, психолог

11 Мастер-класс: «Сабақтарда заманауи технологияларды пайдалану»

наурыз

тәлімгерлер,
әдіскер

12 Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру (зертханалық-практикалық жұмыстарды жүргізу кітаптарымен жұмыс жасау әдістемесі). Студенттердің білімін тексеру, есепке алу және бағалау үшін психологиялық-педагогикалық талаптар. «Студенттер емтиханға дайындалуға қалай көмектесе алады» әдістемелік семинары

сәуір

тәлімгерлер,
әдіскер

14 «Сабақтың психологиялық негіздері» тақырыбында семинар-тренинг.

мамыр

ОӘЖ бойынша директор орынбасары, әдіскер

15 Дөңгелек үстел: «Жас маман мектебінің жұмысы туралы пікір алмасу». Жас оқытушылардың жұмыс тәжірибесінің таныстырылымы. Кәсіби қиындықтарды анықтау, командадағы мұғалімнің жайлылық дәрежесін анықтау.

маусым

ОӘЖ бойынша директор орынбасары, әдіскер

«Жас маман» мектебінің

ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ережелер

Жас мамандар мектебі — әдістемелік жүйенің арнаулы педагогикалық білімі жоқ жас мамандарды біріктіретін элементі.

Жас мамандар мектебі жас оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және өтілі 5 жылдан аз жоғары білімді жас оқытушыларды біріктіреді. Жас мамандар мектебі — бұл педагогтардың тұрақты жұмыс істейтін бірлестігі.

 

  1. Негізгі міндеттері мен мақсаттары

Мақсаты: жаңадан бастаған оқытушыларда кәсіптік мұраттарды, әдістемелік дағдыларды, үнем і өздігінен даму мен өздігінен жетілу қажеттіліктерін қалыптастыру.

Мектептің міндеттері:

–   жас оқытушылардың үздіксіз білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға кәсіптік қиналушылықтарына көмек көрсету;

–  оқытушылардың шығармашылық қызметінің жеке стилін қалаптастыруға жағдай жасау;

–   жас оқытушыларға білім беру үдерісіне заманауи тәсілдер мен алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды енгізуге және ақпараттық — әдіснамалық мәдениеті деңгейін арттыруға көмектесу;

–   тәжірибелі оқытушылардың педагогикалық шеберлігін насихаттау және әдістеме мен педагогика жөніндегі білімін жетілдіруіне ккөмек көрсету;

– жаңадан бастаушы оқытушылардың оқу үдерісіндегі кәсіптік, әдістемелік проблемаларын айқындау және оларды шешуге жәрдемдесу;

–   халықаралық білім беру технологияларымен таныстыру;

—     диагностика мен өздік диагностиканы жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

  1. Ұйымдық құрылымы

Жас мамандар мектебінің жұмысын ұйымдастыру үшін іс-тәжірибелік жұмыс өтілі 20 жылдан кем емес беделді педагогтардың ішінен жетекші тағайындалады.

Жас мамандар мектебінің жұмысына оқытушылық қызметтің үлкен тәжірибесіне ие болған академияның ПОҚ-ның өкілдері, сондай-ақ шетелде оқып келген оқытушылар да қатыса алады.

Оқу жылының ішінде жас мамандар мектебінің төрттен кем емес сабағы, үйретуші сарамандық семинары өткізіледі.

Жас мамандар мектебі жұмысының негізгі формаларына:

–   оқу-әдістемелік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқытушылардың шығармашылық есептері:

–  ашық сабақтар (лекциялар, семинарлық сабақтар), зертханалық және сарамандық сабақтар:

–   оқыту және тәрбиелеу әдістемесі бойынша лекциялар, хабарлар және пікірталастар:

–   алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеу жатады.

Мектептің отырыстары 2 айда 1 рет өткізіледі. Бүкіл жыл ішінде кафедралар мен курстар оқытушыларымен жеке консультациялар өткізілуі мүмкін.

Жас мамандар мектебінің жұмысына бақылау жасауды академияның әдістемелік бөлімі жүзеге асырады.

Мектептің іс-қағаздарын жүргізу;

–   жас мамандар мектебі туралы Ережені;

–   ОӘК-те бекітілген жұмыс жоспарын;

–   жас оқытушылар мектебінің құрамы туралы мәліметтерді:

Сандық және сапалық құрам (жасы, білімі, мамандығы, жалпы және педагогикалық өтілі, жоғары оқу орнын бітірген жылы);

–   мектептің әлеуетті мүшелері мен басшылар болып табылатын ОПҚ туралы деректер қорын қамтиды.

  1. Функциялық міндеттері

4.1.  Жас оқытушылар үшін топтық сабақтар ұйымдастыру, үйретуші семинарлар, оқу-әдістемелік конференциялар өткізу, жас педагог мектебі мүшелерінің оқу қызметі мен кәсіптік өздігінен білім алуды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау.

4.2.  Жас оқытушылардың кәсіптік қажеттіліктерін зерделеуді, өздігінен жетілуге көмекті зерделеуді ұйымдастыру.

  1. Құқықтары

Жас мамандар мектебіне қатысушылар:

–   конференцияларға, шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысуға;

–   білім беру мекемесінің материалдық базасын өздігінен білім алу ұшін пайдалануға;

–   тәлімгер-педагогтардан консультациялық көмек алуға;

–   өз біліктілігін арттыруға құқылы.

  1. Жауапкершілік

Жас мамандар мектебінің жетекшісі мен қатысушылары өздерінің алдына қойған міндеттерді, функцияларды орындау үшін жауапкершілікте болады.

Жас мамандар мектебі туралы

Жас мұғалімдер қызметіні ерекше өнегелілік-психологиялық, моральдық — этикалық және кәсіптік өрісін талап етеді. Олармен әдістемелік құрылымдар шеңберіндегі жұмыс мазмұны үш бағытта дамытылады:

–    кәсіптік — мәнділік жеке тұлғалық қасиеттерді жетілдіру;

–    педагогикалық қызметтің жеке стилін қалыптастыру;

–    педагогикалық шығармашылықты дамыту.

Жас мамандармен жұмыс формалары

  • Тәлімгерлік
  • Консультациялар
  • Өзара сабақтарға қатысу
  • Жас мұғалімдерге арналған шеберлік-сыныптарын өткізу
  • Тағылымдама

Жас мұғалімдермен өткізілетін сабақтардың үлгі тақырыптамасы

  1. Оқу жоспары — бағдарлама — тақырыптық жоспарлау — сабақты жоспарлау.
  2. Сабақтың міндеттері (білімділі, дамытушылық, тәрбиелік).
  3. Заманауи сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар.
  4. Оқыту формаларының сабақты ұйымдастыруға сәйкестігі.
  5. Жеке және жіктеп оқыту.
  6. Тәрбиелеу жұмысы.
  7. Сабақ дидактикасының негіздері.
  8. Педагогикалық қызметтің жеке стилінің қалыптасуы.