Психолог қызметінің жұмысы

2018-2019 оқу жылына арналған

психологиялық қызметтің

жұмыс жоспары

Мақсат: Колледжде білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

  1. Студенттердің тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
  2. Студенттерге ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
  3. Студенттердің тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
  4. Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  5. Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
  6. Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
  7. Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

 

 Колледждегі психологиялық қызмет жұмысының бағыт-бағдары:

1. Жеке тұлғаның интеллектуалдық ақыл-қабілетінің дамуын, танымдық құбылыстарын, тәрбиелік деңгейін зерттеу;

2. Әр студентпен (дарынды, тәрбиесі қиын, денсаулығы төмен, жаңадан келген, өз еркімен қатысушы) жұмыс;

3. Колледждегі студент-студент, оқытушы-студент, оқытушы-оқытушы қарым-қатынасы, жаңадан ендірілген пәндер таңдаулы курстардың берілу деңгейі, басқа пәндермен үйлесімділігі, кері әсерін зерделеу.

4. Педагогикалық ұжымда психологиялық оң ахуал тудыру.

5. Ата-аналардың оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісімен психологиялық қарым-қатынас байланысын қалыптастыру, нақты мәселелерді шешу барысында жұмыстар жүргізу.

6. Топтағы жағымды және конфликтілік, позицияны ұстаушылар, топтан сырттап қалушылар анықталып топ кураторына, пән оқытушыларға арналған психологиялық кеңес, консилиумдар өткізіліп тұруы.

Студенттермен жеке жұмыс түрлері:

1. 1-курс студенттерінің колледжге бейімделуі, психологиялық оң ахуалын тудыру;

2. Мамандық бойынша білім алуға ұмтылысын арттыру;

3. Интеллектуалдық деңгейін анықтау;

4. Дарынды студенттермен жеке жұмыс жүргізу;

5. Девиантты студенттермен жеке жұмыс жүргізу;

 

 

Орындалатын жұмыстармен іс-шаралар Мерзімі Әдістемелер

Жауаптылар

1

2 3 4

5

                                                         Ұйымдастырушылық жұмыс
1. Психологиялық ағарту және алдын-алу:Студенттің психикалық және тұлғалық дамуында мүмкін болатын келеңсіздіктердің алдын-алу Жыл бойы

Пікірталас,

Семинар

ТЖО,
Кураторлар,
Психолог,
Мейірбике

     2. Психологиялық диагностика:-Тұлғаның жеке ерекшеліктерімен икемділіктерін

-Оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі студенттің  мүмкіндіктерін

-Студенттің  дамуындағы әлеуметтік бейімделуіндегі ауытқулардың себептерін анықтау

Жыл бойы

Сауалнамалар

Психолог

3. Психологиялық коррекция және дамыту:-Студент  дамуындағы тұлғаның және   оның    жеке ерекшеліктерін сақтап қалуға- Ондағы олқылықтарды түзетуде, дамытуда педагогтар, кураторлар және басқа да мамандармен бірлескен іс-әрекеттер

Жыл бойы

Тренингтер,

Әңгімелесу,

Сұхбат

Психолог

4. Психологиялық кеңес:— Оқу үрдісінде кездесетін дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне байланысты педагогтарға, ата-аналарға, студенттерге психологиялық кеңес беру арқылы көмек көрсету

Жыл бойы

Кеңес беру жұмыстары

Психолог

5. Психологиялық тренинг— Студенттердің өз ортасында еркін сезіне   алуға-  Өзін-өзі тануға, түсінуге, тұлғалық дамутәсілдерін таба білуге

—   Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға, өзін-өзі құрметтеуге

-Коммуникативтік дағдыны дамытуға, қарым-қатынастың түрлі әдіс тәсілдерін меңгеруге үйрету

Жыл бойы

Әртүрлі

Психолог

І. Психологиялық ағарту және алдын-алу
1. 1-курс студенттерімен танысып, сабаққа келуін бақылау және әлеуметтік мәліметтер жинау Қыркүйек айында Бақылау

ТЖО,
Психолог,
Мейірбике,
Топ жетекшілері

2. «Жанұя-рухани адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында пікірталас Жыл бойы Пікірталас

Психолог

3. «Өзіңді қабылдаймын» топта жағымды қарым-қатынас құру Қазан, желтоқсан Тренинг Психолог
4. «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» әңгімелесу Жыл бойы Пікірталас, Сұхбат ТЖО,
Психолог
5. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Жыл бойы Пікірталас, Сұхбат ТЖО,
Психолог
6. 18 қазан — Рухани келісім күні. «Өз тағдырыңа балта шаппа, жеткіншек»  құқық қорғау органдары, діни бірлестік қызметкерлерімен кездесу

Жыл бойы

Пікірталас, Сұхбат

ТЖО,
Психолог

7. «Менің педагогикалық тұлғалық орыным»Жас мамандарға арналған  тренинг

Қазан

Тренинг Әдіскер,
ТЖО,
Психолог
8. Сабақтан тыс  ашық іс-шаралар (есірткіні, темекіні шегуді алдын алу)«СӨС  қызметкерлерімен кездесулер

Жыл бойы

Ақпарат

 

Психолог,
Мейірбике,
Топ жетекшілері
ІІ. Психодиагностика жұмыстары
1. Студенттер мінезін қысқаша анықтау Қазан айында Психогеометриялық тесті Психолог
2. Оқытушы студент қөзімен сауалнамасы Наурыз айында «Студент көзімен» анкетасын өткізу Психолог
3. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»  атты тақырыпта студенттермен жұмыс Желтоқсан және наурыз Сауалнама Психолог
4. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасылар және тұрмыстары төмен отбасынан шыққан білім алушылардың тұрғын үй жағдайын тексеру Жыл бойы Сауалнама ТЖО,
Психолог,
Топ жетекшілер
5. Студенттердің лидерлік қабілеттерін дамыту. Қаңтар Тренинг, нұсқаулар Психолог
ІІІ. Психологиялық коррекция және дамыту
1. Оқытушы жұмысына студенттердің диагностикалық картасын іске қосу. Үнемі Әртүрлі Психолог
2. Өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту Наурыз айында Әртүрлі Психолог
3. Диагностикалық карта және сауалнамаға сүйене отырып оқытушыларға қиындық келтіретін тақырыптардың есебін жүргізу. Апта сайын Әртүрлі Психолог
ІV. Психологиялық кеңес
4. Студенттерге жеке кеңес беру.Мақсаты: дағдарыс кезеңдегі мәселелерді шешуге көмектесу Сұраныс бойынша Әртүрлі Психолог
5. Колледж әкімшілігін, пән оқытушыларын, топ жетекшілері мен өндірістік оқыту шеберлерін психодиагностикалық зерттеу нәтижелерімен таныстырып, бағыт беріп отыру. Үнемі Әртүрлі Психолог
6. Ата-аналар жиналысына қатысып, жеке кеңес беру. Мақсаты: ата-аналарды диагностикалық және коррекциялық жұмыстарының қорытындысымен таныстыру. Үнемі Әртүрлі Психолог
7. Девиантты және  деликвентті мінез – құлықты балалармен жұмысты  күшейту үнемі Әртүрлі ТЖО,
Психолог
8. Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және арнайы топ білім алушыларына психологиялық көмек көрсету. Үнемі Әртүрлі ТЖО,
Психолог
V. Психологиялық тренингтер
1. «Сен өзгерсең, сенің әлеміңде өзгереді»1 курс  студенттеріне  жүргізілетін  тренинг Қараша Тренинг Психолог,
Топ жетекшілер
2. «Жақсы көңіл-күй  жан азығы» 2курс  студенттеріне  жүргізілетін  тренинг Желтоқсан Тренинг Психолог,
Топ жетекшілер
3. «Сенімділік күш береді» 3 курс  студенттеріне  жүргізілетін  тренинг Қаңтар Тренинг Психолог,
Топ жетекшілер
4. «Мәдениетаралық өзара әрекетті қалыптастыру»    4 курс  студенттеріне  арналған тренинг Ақпан Тренинг Психолог,
Топ жетекшілер
5. Қарым-қатынаста қиындықтары бар балалар үшін жүргізілетін тренингтер Жыл бойы Тренинг ТЖО,
Психолог
VI. Колледж және ата-аналар арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту
1. Тәрбие беру мәселелері бойынша жалпы ата-аналар жиналысы, байланыста болу Жыл бойы Ата-анамен оқытушылардың үйелмен тәрбиесін тереңдетіп, байланыс орнату. Психолог
2. «Куратор-Психолог-учаскелік инспектор-ата-ана» серіктестігі бойынша жұмыстар Жыл бойы Тәртіптік кеңеске, кураторлар отырысына, колледжішілік ата-аналар жиналысына қатысу. Құқық бұзушылықпен тіркелген студенттермен сұхбат жүргізу. Психолог
3. Ата-аналар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру Жыл бойы Жеке кеңес беру,ұжымдық қарым-қатынас тренингі Психолог

       

Психолог:             

Оңайбаева Меруерт Өтесінқызы