ПЦК

Пәндік циклдық комиссия (ПЦК) колледждегі әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады және бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.

Пәндік циклдық комиссияның міндеттері мен қызмет бағыттары

Пәндік циклдық комиссия төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады:

  • пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;
  • сабақ беру әдістемесін жетілдіру;
  • мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру;
  • педагогикалық эксперименттерді жүргізу.

Пәндік циклдық комиссия қызметінің негізгі бағыттары:

  • пәндер бойынша білім деңгейінің қорытындыларын талдау;
  • оқу жоспарының вариативтік бөлімдерін жасауға қатысу;
  • оқу бағдарламаларындағы минимал көлем мен мазмұнға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу;
  • оқу әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдау;
  • пәндер бойынша ашық сабақтар және ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;
  • пәндерді оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар дайындау және талқылау;
  • оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жетекшілік жасау және бақылау мәселелерін қарастыру;
  • оқытудың жаңа технологияларын іздеу және енгізу бойынша педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • оқу пәндерін өту әдістемесін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бірлестік ішінде және әдістемелік бірлестіктер арасында өзара сабаққа енуді ұйымдастыру;
  • пәндер бойынша сайыстар, олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер жасау.