ЖАЛПЫ БӨЛІМШЕЛЕР

Оқу жұмысы

Колледждің оқу процесі ұйымдастырылады, оқу жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарлар әзірленеді, оқу жоспарлары мен оқыту, үлгі оқу бағдарламаларын оқытушылардың орындауы бойынша жұмыстар үйлестіріледі, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу ұйымдастырылады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді.

Оқу процесінің сапасын бақылау, оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуы жүзеге асырылады. Білім алушылардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу және дайындау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.

 

Оқу-әдістемелік жұмыс

Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы ұйымдастырылады және жоспарланады, пәндік (циклдік) әдістемелік комиссия, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде есептік құжаттар дайындалады.

Педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеуде жәрдем көрсетіледі, облыстық (қалалық) білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің, баспалармен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде жинақтарды, нұсқаулықтарды және басқа да басылымдарды дайындау жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылады. Оқу және тәрбие процестерін жетілдіруді, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізуді, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді.

 

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы ұйымдастыру жөнінде жоспарлар мен іс-шаралар әзірленеді, кәсіби бағдар беру жұмыстарының ағымдағы және стратегиялық жоспарларымен қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасалады. Топ жетекшілерінің, кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметтері үйлестіріледі.

Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды дайындау мен өткізу бойынша әдістемелік құжаттамалар әзірлеу жұмыстары ұйымдастырылады; тәрбие процесінің сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие жұмысының басқа да түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке тәрбие жұмысына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысының мазмұны, нысаны және әдістері жетілдіріледі.

Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыстар ұйымдастырылады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының кызметтері мен құрылымдарының, әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылдары үйлестіріледі. Білім беру ұйымындағы моральды-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді. Тәрбие қызметінің нәтижелері туралы есеп беріледі.

 

Оқу-өндірістік жұмыс

Оқу-өндірістік жұмыстар жоспарланады және үйлестіріледі. Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындалып, олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылады.

Өндірістік оқытудың аға шеберінің, өндірістік оқыту шеберінің, өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшілерінің жұмысы басқарылады. Колледж түлектерінің қорытынды біліктілік емтихандары ұйымдастырылады және өткізілуін жүзеге асырады.

Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтері зерделенеді, таратылады және тәжірибеге енгізіледі. Оқу-материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру бойынша жұмысты, санитариялық-гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау ұйымдастырылады. Белгіленген есепті құжаттамалар дайындалады.

 

Шаруашылық бөлімі

Негізгі қорлардың (ғимараттардың, сумен қамтамасыз ету, ауа өткізу жүйелердің және тағы басқа) ағымдағы және күрделі жөндеу, шаруашылық шығындар сметалары әзірленеді. Жайларды жөндеу ұйымдастырылады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасы бақыланады. Жиһазбен, шаруашылық саймандармен, инженерлік пен басқарушылық еңбектің механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етіледі, олардың сақталуын және уақытымен жөнделуі қадағаланады. Қызмет көрсетуге, кеңселік құралдарды, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдықтау мен құрал саймандарды алуға және сақтауға келісім шарт жасау үшін қажетті құжаттар рәсімделеді, олармен құрылымдық бөлімшелердің жабдықталуын, сонымен қатар оларды жұмсау және орнатылған есептіліктің құрылуы ұйымдастырылады. Шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың тиімді жұмсалуы бақыланады.. Семинарлар мен өзге де шараларды, конференция, кеңес өткізуге қажетті шаруашылық қызмет көрсету жұмыстары ұйымдастырылады. Өртке қарсы шаралардың іске асуын және өртке қажетті инвентарлардың дайын тұруын қамтамасыз етеді. Ұйымдық және есептеу техникаларын, байланыс құралдарын енгізуде шаралар қолданады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.