ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ

МҚКК« Маңғыстау энергетикалық колледжі»

 2019-2020 оқу жылына арналған қабылдау

ЕРЕЖЕСІ

 1. Жалпы ережелер

 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі — Заң) сәйкес МҚКК Маңғыстау энергетикалық колледжінде  (бұдан әрі – колледж) оқуға қабылдау тәртібі осы ереже бойынша іске асырылады.

  1. Колледжге негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары; шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
  2. Колледжге оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді:
  • I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін -1,0%;
  • Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
  • Ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 %;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін — 2%;
  • жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 %;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін;
  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру мекемесі белгілейді.

Колледж 2019-2020 оқу жылында оқуға осы Ереженің №1-қосымшасына сәйкес  мамандықтар бойынша  қабылдайды.

2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын МҚКК Маңғыстау энергетикалық колледжіне оқуға қабылдаудың тәртібі

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу
емтихандарын өткізу

 5. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу мерзімінде және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Конкурстық комиссияның құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

  1. Білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
  2. Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  3.   Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың

20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;

2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 5 қыркүйегі аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – Сенбі

0900 – 1800 сағ.   Үзіліс 1300 -1430 сағ.

Жексенбі – демалыс

  1. Колледжге оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды талапкердің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

  1. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
  2. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау таңдалған мамандығы бойынша оқыту үшін қарсы көрсетілімдерінің болмауы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып, заңды өкілдердің біреуінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
  3. Осы Ереженің 1 — қосымшаларына сәйкес Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:

1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер — негізгі орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Конкурс білім беру ұйымдары өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.

Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.

Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.

Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен

27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен

31 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша

– 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: «3» – 8 балға, «4» – 17 балға, «5» – 25 балға алмастырады.

  1. Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
  2. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
  3. Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі Қағидалардың 1- қосымшасынасәйкес айқындалады.
  4. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

  1. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

  1. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

20.Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

  1. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) оқудың күндізгі нысанына — күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына — күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

Білікті жұмысшы кадрларды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) оқудың күндізгі нысанына — негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына — негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың

15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

  1. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау

— күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

  1. Колледжге білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе колледж  жүргізген емтихан нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың

12-тармағына сәйкес  баллдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.

  1. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді
    .

                             Қосымша №1

МКҚК  Маңғыстау энергетикалық  колледжіне бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің

2019-2020 оқу жылының күндізгі бөлімге қабылдау емтихандарының тізімі 

Код Мамандықтар атауы Бейіндік пәндер атауы
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) Орта білім (жалпы орта)
0800000 – Мұнай, газ және химия өндірісі
0808000 «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» Математика Математика
0900000 – Энергетика
0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» (түрлері бойынша) Математика Математика
0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша) Математика Математика
0906000 «Жылу электрстанцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» Математика Математика
0816000 Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша) Химия Химия
1000000 – Металлургия және машина жасау
1014000 «Машина құрылысының технологиясы» (түрлері бойынша) Математика Математика
1300000  — Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар.

Электрондық техника

1302000 «Автоматтандыру және басқару» (бейін бойынша) Математика Математика

 

                              Қосымша №1а

МКҚК  Маңғыстау энергетикалық  колледжіне бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің

2019-2020 оқу жылының сырттай  бөлімге қабылдау емтихандарының тізімі 

Код Мамандықтар атауы Бейіндік пәндер атауы
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) Орта білім (жалпы орта)
0800000 – Мұнай, газ және химия өндірісі
0808000

080803 3

«Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»

Техник-механик

Русский язык, Математика, история Казахстана
0900000 – Энергетика
0901000

090104 3

«Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» (түрлері бойынша)

Техник-электрик

Русский язык, Математика, история Казахстана
0906000

090603 3

«Жылу электрстанцияларының жылу энергетикалық қондырғылары»

Техник-энергетик

Русский язык, Математика, история Казахстана
0816000

081604 3

Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)

Техник-технолог

Химия Русский язык, история Казахстана
1000000 – Металлургия және машина жасау
1014000

101402 3

«Машина құрылысының технологиясы» (түрлері бойынша)

Техник-механик

Русский язык, Математика, история Казахстана
1300000  — Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар.

Электрондық техника

1302000

130202 3

«Автоматтандыру және басқару» (бейін бойынша)

Электромеханик

Русский язык, Математика, история Казахстана

 

МКҚК « Манғыстау энергетикалық колледжі»

жалпы білім беру пәндерінің 2019-2020 оқу жылының

қабылдау емтихандарының тізімі

(мемлекеттік тапсырыс бойынша)

                                                          Күндізгі бөлім

Код

Мамандықтың атауы Бейіндік пән атауы Оқу мерзімідері

 

Оқыту тілі

   

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы білім) Негізгі орта білім (жалпы негізгі) Орта білім (жалпы білім)

 

0808000 Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

080803 3-

 Техник-механик

қазақ тілі

математика

3 ж. 10 ай қазақша

орысша

0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» (түрлері бойынша)

090104 3-

 Техник-электрик

қазақ тілі

математика

3 ж. 10 ай қазақша
0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша)

090203 3-

Техник-электрик

қазақ тілі,

математика

3 ж. 10 ай

қазақша

орысша

0906000 «Жылу электрстанцияларының жылу энергетикалық қондырғылары»

090603 3-

Техник-энергетик

қазақ тілі

математика

3 ж. 10 ай

қазақша

1014000 «Машина құрылысының технологиясы» (түрлері бойынша)

101402 3-

Техник-механик

қазақ тілі

математика

3 ж. 10

ай

қазақша
 

0816000

«Химическая технология и производство»( по видам)

081604 3-

Техник-технолог

орыс тілі

математика

3 ж. 10 ай орысша
1302000

 

«Автоматтандыру және басқару» (бейін бойынша)

130202 3-

«Электромеханик»

қазақ тілі,

математика

қазақ тілі, қазақстан тарихы,

математи ка

3 ж. 10 ай

2 ж. 10 ай

қазақша

қазақша

орысша

орысша

МҚКК«Маңғыстау энергетикалық колледжі» 2019-2020 оқу жылына арналған Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды ұйымдастыруда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын бекіту туралы ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

Осы Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы

13 қарашадағы №746 бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.1.1, 5.1.2, 5.1.3 және 5.1.4 — тармақтарына сәйкес әзірленген және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

  1. ТжКБ бар кадрларды даярлауды ұйымдастыру тәртібі
  1. ТжКБ бар кадрлар даярлау бағдарламасына қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, ағымдағы және өткен жылғы 9-11 сынып түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге де санаттары болып табылады.
  2. Бағдарламаның сәйкес құрылған мобильдік топтар ТжКБ бар кадрларды

5.1.1 тармағына даярлауға үміткерлер іздеуді жүзеге асырады және тізімін қалыптастырады.

  1. Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдерімен бірлесіп, аудандық (қалалық) комиссия шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде Бағдарлама қатысушыларына хабарлайды және  осы Қағидаларға

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның қатысушыларына оқуға жолдама (бұдан әрі — жолдама) береді.       Оқу орны бағдарламаның қатысушыларын оқуға қабылданғаннан кейін жолдамаға хабарлама аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға/кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдігіне қайтарады.

Оқу орындары үміркердің оқудан бас тартқан жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарына уақытылы хабарлайды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар үміткер оқудан бас тартқан жағдайда басқа үміткерлер іздестіруді жүзеге асыру үшін аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандырады. Оқудан бас тартқан қатысушыны басқа адаммен оқытуға жолдама алған сәттен бастап ауыстыру 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

  1. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер аудандық(қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар берген жолдамалар негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнына өтініш береді.
  2. Оқу орнына өтініш берген кезде үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом)
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы

23 қарашадағы №907 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бұйрығы тізімінде №086-У бастапқы медициналық құжаттама нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама;

  • Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтама (бар болған жағдайда)
  • Жолдама

Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттарды үміткердің өзі не ата-анасы немесе заңды өкілдері тапсырады.

  1. Топтарды жасақтау жылына бір рет 20 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.
  2. ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарлама қатысушыларын оқуға қабылдауды оқу орнының басшысы жүзеге асырады.
  3. Маңғыстау облысының білім басқармасы аудандық (қалалық) комиссия шешімінің негізінде аудандық (қалалық) комиссия шешімін алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оқу орындарымен ТжКБ бар кадрларды даярлау туралы шарт жасайды.
  4. Бағдарлама қатысушыларын оқыту ұзақтығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №65 (Қазақстан Республикасының нормативтік бұйрығымен құқықтық актілерді тіркеу тізімінде №13149 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім бері деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне сәйкес анықталады.

Оқу «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6 тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде оқу орны әзірлеген оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

  1. ТжКБ бар кадрларды даярлау курстарын жұмысшы біліктіліктері бойынша аяқтаған және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 (бұйрығымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №5191 болып тіркелген) бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне (бұдан әрі — №125 бұйрық) сәйкес қорытынды аттестаттау тапсырған Бағдарлама қатысушыларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 (Қазақстан Республикасының нормативтік бұйрығымен құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №10348 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандардын және оларды беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік үлгідегі құжат (диплом) беріледі.
  1. Оқу орны Бағдарлама қатысушыларын:
  • Білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сәйкес сабақтан себепсіз қалған;
  • 2) № 125 бұйрыққа сәйкес үлгеріміне ағымдағы бақылаудан, аралық аттестаттаудан қорытынды бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайларда оқудан шығарады.
  1. ТжКБ алған барлық Бағдарлама қатысушыларына:
  • Стипендия
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2015 жылғы

4 желтоқсандағы №677) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бұйрығымен тізімінде №12894 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық  теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жол жүру өтемақы;

  • Ыстық тамақ беріледі.
  1. Оқу орны білім алушыларды қабылдағаннан кейін аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне осы Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның оқуға қабылданған қатысушылары туралы есепті 1-қазанға дейін ұсынады.
  2. Оқу орындары аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-не дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша ТжКБ бар кадрларды даярлау барысы туралы есеп береді.
  3. Аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне осы Қағидаларға 5- қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына ай сайын айдың 3-не, облыстық білім басқармасына есепті айдан кейінгі айдың 5-не ТжКБ бар кадрларды даярлаудың барысы туралы есеп ұсынады.
  1. Облыстық білім басқармасы жергілікті атқарушы органдардан алған ақпарат негізінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-на ТжКБ бар кадрларды даярлаудың барысы туралы ақпаратты Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

17. Оқу орны білім алушыларды қабылдағаннан кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның оқуға қабылданған қатысушылары туралы есепті 1 қазанға дейін ұсынады.

18. Оқу орны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және     астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-не дейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТжКБ бар кадрларды даярлау барысы туралы есеп (портал арқылы электрондық түрде немесе/не қағаз түрінде) береді.

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға 6 — қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТжКБ бар кадрларды даярлаудың барысы туралы есепті және 7 — қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТжКБ бар кадрларды даярлауға қабылданған қатысушылар туралы ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде) халықты жұмыспен қамту орталықтарына тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 3 — күніне, білім беру саласындағы уәкілетті органға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 — күніне ұсынады.

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 26 қарашадағы №646 бұйрығы негізінде жасақталды және колледждің 28 сәуір 2019 жылғы №1 қабылдау комиссиясы отырысында қаралды.

 

 Маңғыстау энергетикалық колледжінің  күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жұмысшы мамандық) 

Мамандықтың (кәсіп) өзгертілген коды мен аты Оқушылар саны Базалық

білімі

Оқыту тілі Оқу мерзімі
0902000 — Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша):

090201 2 —Тарату құрылғылары бойынша электр құрастырушы

25

9 сынып

орысша

2 ж. 10 ай

2 1302000 -Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша):

130201 2- Бақылау өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі

25

9 сынып қазақша 2 ж. 10 ай
3 1014000 – «Машина құрылысының технологиясы» (түрлері бойынша)

101403 2 –Жөндеуші-слесарь

25

9 сынып қазақша 10 ай
Барлығы: 75