КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ

Колледждің  миссиясы:

 

         Жоғары деңгейлі теориялық және тәжірибелік дағдыларға ие, жоғары тұлғалық қасиеттері бар және жаңа әлемдегі Қазақстан Республикасының өндірістік әлеуетінің және экономикасының деңгейін арттыруға қабілетті орта буынды бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.  

 

        Маңғыстау энергетикалық колледжінің миссиясының мақсаты: Оқытушының шығармашылық әлеуетін арттыру, оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын әлемдік стандарттар деңгейінде меңгерген білікті кадрларды дайындау арқылы колледждегі оқыту-білім беру және тәрбиелеу үдерістерін жетілдіру.

 

        Колледждің мақсаты: Маңғыстау энергетикалық колледжі – білім алушылардың, оқытушылардың, жұмыс берушілердің және басқа мүдделі тараптардың мүддесіне қызмет ететін өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттық ортасы және заманауи инфрақұрылымы бар, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізуде білімді, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандары бар білім беру мекемесі.

Колледждің Маңғыстау облысында бәсекеге қабілетті позициясы бар. Халық пен қоғамның алдында оңды беделге ие.

 

Міндеттері:

  • ақпаратты өндеу және жүйеге келтіру, колледждің өзін-өзі зерттеу материалдары бойынша алынған деректерді талдау, олардың білім беру мақсаттарына сәйкестігін анықтау;
  • өзін-өзі зерттеуінің нәтижелері бойынша қорытынды жасау және есепті қалыптастыру;
  • үздіксіз тәжірибеге бағдарланған білім беру ортасын құруға бағытталған оқу үдерісінің мазмұнын және ұйымдастырылуын жетілдіру;
  • білім беру үдерісіндегі, ғылыми зерттеу және инновациялық қызметтегі модульдік-құзыреттілік амалды іске асыру арқылы сыртқы тапсырыс берушілердің өсіп келе жатқан талаптарына сәйкес білім беру сапасын арттыру;
  • сапаны бақылау жүйесін құру, колледждің білім беру үдерісін бағалау параметрлерін әзірлеу;
  • колледждің даму бағдарламасын нормативтік басқарушылық құжат ретінде іске асыруды жалғастыру;
  • тұрақты білім беру үдерісінің критерийлері мен сапа көрсеткіштерін анықтау;
  • күндізгі және сырттай оқытудың, біліктілікті арттырудың және кәсіби қайта даярлаудың құрамдас бөлігі ретінде білім берудін жаңа технологияларын әзірлеу және оқу үдерісіне енгізу;
  • ғылыми әдістемелік және оқу әдістемелік базаны жаңғырту (оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын, электрондық білім беру ресурстарын (ЭББР), электрондық оқу құралдарын, электрондық  дәрістер курсын, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық бағдарламаларды, презентацияларды әзірлеу);
  • заманауи технологиялық және ақпараттық негізде сапалы жаңа оқу- зертханалық және оқу-өндірістік базаны құру, тақырыптық оқу кабинеттерінің және зертханалардың қайта кұрылуын және жабдықталуын жалғастыру;
  • компьютерлік паркті және бағдарламалық жасақтамасын жаңартуды жалғастыру;
  • телекоммуникация құралдарымен, ақпараттық бағдарламалардың пакеттерімен, Ғаламтор жаһандық желісін белсенді пайдалану арқылы ақпараттық білім беру кеңістігін құру;
  • колледжің педагогикалық және басқарушы қызметкерлердін әдіскерлерінің әкімшілік- шаруашылық персоналының түрлі нысандағы біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы оқу үдерісінің кадрлық камтамасыз етілуін сапалы түрде жақсарту;
  • кәсіби қауымдастықтың оқу үдерісінін барысы мен нәтижелері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында онымен тұрақты ақпараттық байланыс орнату;
  • тұлғанын базалық құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
  • студенттерді жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлттық қағидаларға және академиялық дәстүрлерге баулу, оны кәсіби ар-намыс және әдеп рухында тәрбиелеу;
  • адамның салауатты өмір салтына, қоршаған ортаға деген жауапкершілікке ішкі қажеттілігін тәрбиелеу;
  • орта кәсіптік білім берудің негізгі бағыттары бойынша қосымша білім алу, кәсіби қайта даярлау, тәжірибе алу үшін бағдарлама кешенін жасауды жалғастыру;
  • облыстың кәсіпорындарында жұмыс істейтін ересектерге арналған білім беру қызметтеріне мониторинг жүргізу (қайта даярлау, біліктілігін арттыру және т.б.).