Негізгі бет

130000 Қазақстан Республикасы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
3б шағын ауданы, №17 ғимарат.
Тел. 8 7292 503533
Тел факс: 8 7292 502200
Веб-сайт: www.gkkpmek.kz
e-mail: post.mek@mail.ru

Құрметті достар, сайт қонақтары,
талапкерлер және олардың ата-аналары!

Маңғыстау энергетикалық колледжінің 
сайтына қош келдіңіздер!

   Білім беру мазмұнының өзгеруіне байланысты кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылық қабілетке ие, мәдениетті, азаматтық жауапкершілікке ие болашақ бәсекеге қабілетті маманның тұлға ретінде қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруға оңтайлы жағдайлар жасау, әлеуметтік әріптестермен, ата-аналармен, қоғаммен тиімді жұмыс істеу, инновациялық-педагогикалық технологиялар мен әдістерді және тұлғалық-бағдарлық көзқарасты меңгеру және енгізу, ТжКБ жүйесін жаңғырту жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін педагогтердің шеберлігін жетілдіру — біздің колледждің басты міндеттерінің бірі.
     Колледжде болашақ мамандарды дайындау үшін қажетті жағдайлар жасалған. Өте жақсы материалдық база, заманауи компьютерлік жабдықтар, кабинеттер мен зертханалардың жабдықталуы және кәсіптік практика өткізу үшін әлеуметтік серіктестермен орнатылған тығыз байланыс оқу процесі мен шығармашылық қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыруға көмектеседі.Жұмыс кезеңі ішінде 13 мамандық бойынша көптеген мамандар даярланды. Біздің колледждің колледж педагогтарымен және оның студенттерімен жасалған, ежелден келе жатқан бай тарихы бар.
     Сіздерге осы сайттың көмегімен біздің колледж туралы көбірек білуді ұсынамын. Өздеріңіздің колледж туралы және сайт туралы пікірлеріңізді қалдырыңыздар. Біз ақылға қонымды және қызықты ұсыныстар мен пікірлерді тыңдауға тырысамыз.
      Біздің колледжде оқып, қызмет еткісі келетіндерге біз өте қуаныштымыз және сайтта берілген ақпарат Сіздер үшін пайдалы және қызықты болады деп сенеміз.
Құрметпен, колледж директоры
Ибраев Бейбит Тахиевич